20 Шілде, 2016

Қазақстанның үздік колледждерінің рейтингі – 2016

441 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
20 07 - student Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 01.03.2016 ж. Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, 2015 ж. қарашадағы ҚР «Білім туралы» Заңына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес 2017 жылдан бастап барлық тілек білдірушілерге жұмысшы біліктіліктері бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндігі беріледі; өскелең ұрпақты еңбекке әлеуметтік бейімдеу мақсатында бірінші жұмысшы біліктілігін тегін беру арқылы мектеп түлектерінің кәсіптік дайындыққа қол жетімділігі қамтамасыз етіледі. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жыл сайын білім алушылар контингентін көбейтуде және жастар арасында көп танымал болуда. Сондықтан еліміздің үздік колледждерінің рейтингі мектеп түлектеріне қай оқу орнына түсу, қай оқу орнын таңдау мәселелерінің дұрыс шешімін табу құралы немесе компасы болып табылады Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) қазақстандық колледждерді саралаудың пилоттық жобасын екінші рет өткізіп, Қазақстанның үздік колледждерінің рейтингі – 2016 ұсынады. Агенттік колледждердің рейтингін мамандарды дайындау бейіні мен мамандықтар тізімі ескерілген бес бағытта өткізді: көпсалалы, поли­тех­никалық, гуманитарлық-экономикалық, медицина және өнер. БСҚА рейтингті өткізуде оның шынайылық, ашықтық, дәйектілік, нақтылық және мүдделі құрылымдарды тарту принциптерін ұстанады. Рейтингті өткізу барысында колледждер ұсынған статистикалық мәліметтер пайдаланылды. Колледждердің академиялық қызметі бес индикатор бойынша бағаланды: студенттер контингенті, инженерлік – педагогикалық қызметкерлердің сапасы, аккредиттеуден өту (ТжКБ ұйымының қызмет сапасы), жұмыс берушілермен ынтымақтастық және Интернеттегі ақпараттық қамтамасыздандыру. Индикаторлар мен критерийлердің толық сипаттамасы және олардың пайыздық салмағы агенттіктің www.nkaoko.kz сайтында ұсынылған. Агенттіктің сарапшылары колледждер ұсынған ақпараттың дұрыстығын анықтау бойынша жұмыстарды жете жүргізіп, нәтижелерін анықтады. Көпсалалы колледждер рейтингінің қорытындысы бойынша жетекші бестікке: Павлодар қ. инновациялық Еуразия университетінің колледжі (1 орын), Қызылорда көпсалалы гуманитарлық – техникалық колледжі (2 орын), Абылай хан атындағы Қызылорда колледжі (3 орын), Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжі (4 орын), Сарыағаш көпсалалы колледжі (5 орын) енді. Политехникалық колледждер ішінде: Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі (1 орын), О. Тұмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мемлекеттік мұнай және газ колледжі (2 орын) және Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжі (3 орын) алды. Политехникалық колледждер бойынша үздік бестікке Қостанай мемлекеттік политехникалық колледжі және Хромтау мемлекеттік кен-техникалық колледжі лайықты өз орнын иеленді. Гуманитарлық-экономикалық колледждер бағытында М. Мәметова атындағы Қызылорда мемлекеттік гуманитарлық колледжі көшбасшы болса, Маңғыстау мемлекеттік гуманитарлық колледжі 2 орын, Қазтұтынуодағы Қостанай экономикалық колледжі 3 орын алды. «Өнер» бағыты бойынша үздік колледж болып «Сымбат» дизайн және технология академиясының колледжі танылды. Медицина колледждері бағытында бірінші орынды тұрақты Көкшетау мемлекеттік медициналық колледжі, одан кейін Түркістан мемлекеттік медициналық колледжі алса, үшінші орынды Қызылорда мемлекеттік медициналық колледжі алды. Бұл бағыт бойынша жетекші бестік колледждеріне Қостанай мемлекеттік медициналық колледжі және Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік медициналық колледжі енді. Агенттік рейтингке қатыспаған колледждердің басшылығын осы бағыттағы жұмысты белсендіруге көңіл бөлуге зер салады. ТжКБ ұйымдарының рейтингі әр колледждің мүмкіндіктерін зерделеу және бағалауға, білім беру қызметінің бәсекелестік ортасында өз орнын табуға және білім беру сапасын қамтамасыз етуде өз позициясын жақсартуға мүмкіндік береді. Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі барлық талапкерлер мен олардың ата-аналарына табыс және колледжді дұрыс таңдауды тілейді. Агенттік Қазақстанның үздік колледждерінің рейтингі оларға оқу орнын дұрыс таңдауға көмектеседі деп сенеді! Ш.Каланова, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттіктің президенті, профессор, п. ғ. д. Қазақстанның үздік көпсалалы колледждері рейтингі – 2016
Орны Атауы Балдары
1 Инновациялық Еуразия университетінің колледжі 100,00
2 Қызылорда көпсалалы гуманитарлық – техникалық колледжі 46,98
3 Абылай хан атындағы Қызылорда колледжі 45,86
4 Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжі 23,09
5 Сарыағаш көпсалалы колледж 14,35
Қазақстанның үздік политехникалық колледждері рейтингі – 2016
Орны Атауы Балдары
1 Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі 100,00
2 О. Тұмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мемлекеттік мұнай және газ колледжі 78,18
3 Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжі 78,14
4 Қостанай мемлекеттік политехникалық колледжі 77,61
5 Хромтау мемлекеттік кен-техникалық колледжі 67,39
6 Екібастұз мемлекеттік политехникалық колледжі 62,63
7 Торғай мемлекеттік аграрлық-техникалық колледжі 50,50
Қазақстанның үздік гуманитарлық-экономикалық колледждері рейтингі – 2016
Орны Атауы Балдары
1 М. Мәметова атындағы Қызылорда мемлекеттік гуманитарлық колледжі 100,00
2 Маңғыстау мемлекеттік гуманитарлық колледжі 93,53
3 Қазтұтынуодағы Қостанай экономикалық колледжі 70,50
Қазақстанның үздік өнер колледждері рейтингі – 2016
Орны Атауы Балдары
1 «Сымбат» дизайн және технология академиясының колледжі 100,00
Қазақстанның үздік медициналық колледждері рейтингі – 2016
Орны Атауы Балдары
1 Көкшетау мемлекеттік медициналық колледжі 100,00
2 Түркістан мемлекеттік медициналық колледжі 93,55
3 Қызылорда мемлекеттік медициналық колледжі 92,34
4 Қостанай мемлекеттік медициналық колледжі 88,29
5 Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік медициналық колледжі 87,23
6 Атырау мемлекеттік медициналық колледжі 78,63
7 Жамбыл мемлекеттік медициналық колледжі 48,56
8 Жезқазған қаласының мемлекеттік медициналық колледжі 42,29
9 Өскемен каласының мемлекеттік медициналық колледжі 38,11
10 «Мейір-Бейс» Леңгір медициналық колледжі 27,10